Өскеменде зарядталып жатқан телефоннан өрт шықты

0
804

20 адам эвакуацияланды.


Өскеменде зарядталып жатқан телефоннан өрт шықты

ERNUR.KZ. Өскемен қаласында тоғызқабатты үйден өрт шығып, 20 адам эвакуацияланды, деп жазады ҚазАқпарат.

ШҚО төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 13 тамызда Өскемендегі Славский атындағы жағалау көшесінде орналасқан тоғызқабатты үйдің жетінші қабатындағы пәтерде өрт шықты.

Өрт сөндірушілер сол жерге шұғыл келіп жетті. Подъез ішін көк түтін басқандықтан 20 адам, оның ішінде 5 бала эвакуацияланды.

Абырой болғанда, зардап шеккен ешкім жоқ.

«Пәтерді жалын шарпығанда іште ешкім болмаған. Өрттің шығуына – қуат көзіне қосулы қалған ұялы телефон себеп болды. Көп ұзамай ТЖД қызметкерлері отты толықтай ауыздықтады», - делінген ақпаратта.

Тілсіз жаудың жалпы ауданы 20 шаршы метрді құрады. Өртпен күреске жеке құрамнан 18 адам және 6 техника жұмылдырылған.