Өскеменде зейнеткердің пәтерінен 17 тонна қоқыс шығарылды

0
782

​Әйел пәтерінде оннан астам ит пен бірнеше мысық асыраған. Оларды далаға шығармай, бірнеше жыл бойы қоқысты жинай берген


Өскеменде зейнеткердің пәтерінен 17 тонна қоқыс шығарылды

ERNUR.KZ. Өскеменде он шақты итті асырайтын егде жастағы әйелдің үйінен 17 тонна қоқыс шықты. Көршілер жағымсыз иіс жайлаған пәтердің есігін бітеп тастағандықтан, әйел үйге балкон арқылы кіріп жүрген, деп жазады sputniknews.kz.

Бұл жағдай бірнеше жылға созылған. Іске еріктілер араласып, зейнеткердің пәтерінен 17 тонна қоқыс шығарды.

"Пәтерден 17 тоннадан астам қоқыс шығардық. Әлі де істейтін шаруа көп, дезинфекция жасау керек, кем дегенде қарапайым жөндеу жұмыстарын қажет етеді. Электр сымдарын, жылыту және кәріз құбырларын қалпына келтіру, терезелерге әйнек салу керек", - деді "Сенім" ұйымының өкілдері.

Зейнеткер еріктілерге алғыс білдірді.

"Жақын тұратын адамдардан кешірім сұраймын. Расымен де көп қоқыс жиналып қалыпты", - деді әйел.

"Сенім" ұйымының еріктілері пәтерді адам тұруға жарамды ету үшін қаржылық көмек көрсетуге шақырды.

Бұған дейін қоғам белсенділері зейнеткерді пәтердегі оннан астам итті арнайы мекемеге беруге көндірген. Олардың айтуынша, әйел қаңғыбас иттерді үйіне кіргізіп, ваннада ұстаған. Далада серуендемеген.

Еріктілердің айтуынша, әйел игі іспен айналысып, иттерді құтқарып жүргеніне сенімді.