Өскеменде жасөспірім пиротехникалық отшашудың кесірінен жарақат алды

0
785

Қазір ол ауруханада жатыр


Өскеменде жасөспірім пиротехникалық отшашудың кесірінен жарақат алды

ERNUR.KZ. Өскеменде петарданы атпақ болған жасөспірім ауруханадан бір-ақ шықты, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, жасөспірімді алған жарақатының салдарынан ауруханаға жатқызуға тура келген.

«Жаңа жылдық мереке күндері жасөспірім жарылған петарданың салдарынан қолынан жарақат алды. Ол жолда отшашуды байқап, көтеріп, тұтандырды, бірақ лақтырып үлгермеді. Петарда қолында жарылды. Жасөспірім ана мен бала орталығына жатқызылды», — деді облыстық денсаулық сақтау басқармасында.