​Өскемендік бойжеткенді тапа-тал түсте зорлап кетті

0
1 176

Өскемен қаласының ішкі істер басқармасына 1998 жылғы азаматша арыз жазған.


​Өскемендік бойжеткенді тапа-тал түсте зорлап кетті

ERNUR.KZ. Өскеменде тапа-тал түсте белгісіз азамат бойжеткенді үй ауласына апарып, зорлап тастаған. Қазіргі таңда күдікті қамауға алынған, деп жазады NUR.KZ.

Өткен аптада Өскемен қаласының ішкі істер басқармасына 1998 жылғы азаматша арыз жазған.

Айтуынша, оны түскі сағат 15:30 шамасында Абай даңғылының бойындағы үй аулаларының бірінде белгісіз ер адам зорлап кеткен.

Полицейлер бірден күдіктіні іздеуге кіріскен екен. Нәтижесінде, 1995 жылғы жігіт қамауға алынған.

Қамауға алу барысында ер адамның ішімдік ішкені анықталған. Қазіргі таңда ол өз кінәсін толығымен мойындап отыр.