Өскемендік әйелдің «бір түрлі» қылығы елді шошытты (видео)

0
7 489

Табалдырықтан 40 рет аттаған


Өскемендік әйелдің «бір түрлі» қылығы елді шошытты (видео)

ERNUR.KZ. Өскеменде белгісіз әйел адамның қаладағы мекемелердің бірінде оғаш қылығы бейнекамераға түсіп қалды, деп жазады altaynews.kz.

Оқиға 13 ақпан күні болған. Облыстық достық үйіндегі ішкі бақылау камераларына түсірілген бейнежазба әлеуметтік желіде таралып жатыр. Бейнежазба авторлары «бір түрлі» әйелдің кіреберіс есіктің табалдырығынан 40 рет қайталап аттағанын айтады. Бұдан кейін ол түсініксіз сөздер айтып түкіріп, асығыс кетіп қалған.

Орталықтың қызметкерлері бейтаныс әйелді іздеп тауып, іс-әрекетінің себебін түсіндіруді талап етпекші. Осы мақсатта бейнежазбаны әлеуметтік желіде жариялаған екен.