Отандық автокөліктер IT қосымшалармен жабдықталады

0
962

Енді қалта телефоны арқылы темір тұлпарыңыздың техникалық жағдайынан үйде отырып-ақ хабардар бола аласыз


Отандық автокөліктер IT қосымшалармен жабдықталады

ERNUR.KZ. Мамандықты меңгеру деген де бар. Енді солар жайында. Отандық автокөліктер IT қосымшалармен жабдықталады, деп жазады 24.kz.

Осылайша, Қазақстан ТМД елдерінің ішінде алғаш болып ақпараттық технологияның игіліктерін автоөндірісте қолданбақ. Мамандардың айтуынша, көліктердің қозғалтқышын іске қосу мен қауіпсіздігін бақылау жүйесінде оларды смартфон қосымшалары арқылы басқару тетіктері қарастырылған. Яғни, қалта телефоны арқылы темір тұлпарыңыздың техникалық жағдайынан үйде отырып-ақ хабардар болып, алдын ала қам жасай аласыз.

Қазір өскемендік автоқұрастыру зауыты бұл жаңашылдықты белсенді игеріп жатыр. Зауыт өкілдерінің сөзінше, IT бағдарламалардың орналасуы автокөлік бағасының қымбаттауына еш әсер етпейді.

"Бұл біртекті телематикалық күзет жүйесі деуге болады.Көлік иелеріне мобильді қосымша арқылы автокөлікті басқаруға, бақылауға мүмкінік береді. Ақапарттық технология игілігі автомобильдердің «ақылды қала» инфрақұрылымына еркін сіңісуіне жол ашады" - автозауыт директоры Ерік Сағымбаев.