Отандық өнімдердің 32% техникалық талаптарға сай емес - Өмірзақ Шөкеев

0
1 178

​ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі стандарттарға сай келетін импорт және отандық өнімдерді жіктеп берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.


Отандық өнімдердің 32% техникалық талаптарға сай емес - Өмірзақ Шөкеев

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі стандарттарға сай келетін импорт және отандық өнімдерді жіктеп берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Толықтай алғанда, азық-түлік өнімдеріне сәйкес келмейтін өнімнің басым бөлігі - 68 пайызы импорт үлесіне тиесілі екендігі анықталды. Техникалық регламент талаптарына сай келмейтін отандық өндірушілердің өнімі 32 пайызды құрайды. Техникалық регламент талаптарының негізгі бұзушылықтары мыналар: өндірушінің таңбалау ережесін бұзуы - 75 пайыз, қауіпсіздік талаптарына сәйкессіздігі - 23 пайыз, сонымен қатар мәлімделген сипатына немесе физикалық-химиялық көрсеткіштеріне сәйкессіздігі - 12 пайыз», - делінген Ауыл шаруашылығы министрі Өмірзақ Шөкеевтің депуаттық сауалға берген жауабында. Сонымен қатар аталған жауапта елге кіргізілетін өнімдерде техникалық регламент талаптарының сақталуына мемлекеттік бақылауды қамтамасыз ету үшін Денсаулық сақтау министрлігінің «Санитарлық-эпидемиологиялық сараптама және мониторинг ғылыми-зертеу орталығы» РМКК базасында арнайы зертхана құрылғаны айтылған. Аталған зертханада азық-түлік тағамдарындағы ГМО-ны сапалы және сандық айқындауға бағытталған сараптамалар жүргізіледі. Мұнан бөлек, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан облыстарында, Астана, Алматы қалаларында өңірлік зертханалар жұмыс істейді. «Бактериологиялық көрсеткіштер мен таңбалауы сәйкес келмейтін Қырғыз Республикасында өндірілген қауіпті азық-түлік тағамдарын әкелуге және саудалауға бағытталған 7 уақытша санитарлық шара қолданысқа енгізілген», - деп атап өтілген жауапта.