Отандық тракторлар мен комбайндар лизингке бастапқы жарнасыз беріледі

0
807

Бұл үшін республикалық бюджеттен 6,5 млрд теңге бөлінді.


Отандық тракторлар мен комбайндар лизингке бастапқы жарнасыз беріледі

ERNUR.KZ. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі дағдарысқа қарсы шараларды жүзеге асыру аясында отандық тракторлар мен комбайндардың паркін жаңарту үшін арнайы бұйрыққа қол қойды, деп жазады inbusiness.kz.

Құжатқа сәйкес «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ еншілес ұйымы «ҚДБ-Лизинг» АҚ жыл соңына дейін 6% мөлшерлемемен шаруаларға бастапқы жарнасыз трактор немесе комбайн сатып алу үшін лизинг ұсынады.

Бағдарламаға қатысу үшін өтініш иесі ауыл шаруашылығы техникасын өнеркәсіптік құрастыру туралы келісім жасап, министрлікке техникаға берілетін «CT-KZ» сертификатын тапсыруға тиіс.

Бағдарлама бойынша «Агромашхолдинг kz» АҚ-ның Lovol, Essil «Қазақстан Агро инновациялық корпорациясы» ЖШС-ның Versatile, Acros, «СемАз» ЖШС-ның «Беларус», «Композит Групп Қазақстан», «Қазақстан Агро инновациялық корпорациясы» және «Қостанай трактор зауыты» ЖШС-ның «Кировец» маркалы техникаларын салып алуға болады.

Айта кетейік, отандық тракторлар мен комбайндардың лизингіне республикалық бюджеттен 2018 жылы - 3 млрд, 2019 жылы - 3,5 млрд, биыл 6,5 млрд теңге бөлінді.