Отарда жаппай төбелеске қатысқан әскерилер қамауға алынды

0
406

Төбелесте екі адам дене жарақатын алған.


Отарда жаппай төбелеске қатысқан әскерилер қамауға алынды

ERNUR.KZ. Отардағы гвардиялық гарнизонның әскерилері жаппай төбелеске қатысқан, деп жазады sputnik.kz.

Оқиға 1 қаңтарда болған.
"Қордай ауданы полиция бөлімінің қызметкерлері адамдар тобы жасаған бұзақылық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады. Төбелес кезінде екі азамат дене жарақатын алды. Қылмыстық істі тергеу барысында жаппай төбелесте гвардиялық гарнизонның келісімшарт бойынша әскери қызметшілері болғаны анықталды", - дейді ведомство.
Қылмыс жасады деген күдікпен алты адам ұсталды. Оның екеуі әскери қызметкер. Қазіргі күні екеуі де уақытша қамауға алынды. Тергеу жүріп жатқандықтан басқа ақпарат жария етілмейді, дейді министрлік.