Отбасы банкінiң клиенттері үшін ипотеканы онлайн ресімдеу 50%-ға арзандады

0
444

2022 жылғы 15 шілдеден бастап олар үшін кредиттік өтінімді қарау 0 теңгені құрайды.


Отбасы банкінiң клиенттері үшін ипотеканы онлайн ресімдеу 50%-ға арзандады

ERNUR.KZ. Онлайн-ипотеканың көмегімен тұрғын үй сатып алуды таңдаған Отбасы банкінің («Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымы) өз клиенттері үшін банк бірнеше қосымша бонус дайындады. Уақыт үнемдеуді және қызмет көрсетудің ыңғайлылығын қоспағанда, қашықтан басқару құралын пайдаланушылар енді комиссиялар үшін аз қаражат төлейді, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

2022 жылғы 15 шілдеден бастап олар үшін кредиттік өтінімді қарау 0 теңгені құрайды. Онлайн-пайдаланушыларға қарыз беруді ұйымдастыру қызметі де арзанға түседі. Оның құны екі есе төмендетілді және енді бұл қызмет қарыз сомасының 0,5%-ның орнына 0,25%-ды құрайтын болады.

«Қазір Отбасы банкте болашақ баспана үшін 2,3 млн қазақстандық ақша жинақтауда. Олардың барлығы – жылжымайтын мүлік нарығындағы әлеуетті сатып алушылар. Оларға ыңғайлы болу және уақытты үнемдеу үшін банк онлайн-ипотеканы іске қосты. Оның көмегімен үйден шықпай-ақ, отбасыңмен отырып, үй немесе пәтер сатып алатын мүмкіндік бар. Мұндай қызметтің артықшылығын жүздеген қазақстандық бағалап үлгерді. Банк жалпы сомасы 8,8 млрд теңгеге тұрғын үй сатып алуға көмектесті. Енді жайлылық пен уақытты үнемдеуге тағы бір артықшылық қосылды – бұл ақша үнемдеу. Отбасылық бюджет үшін бұл маңызды артықшылық», – деп атап өтті Отбасы банкінiң басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимова.

Онлайн-ипотека коммерциялық нарықта бастапқы немесе қайталама тұрғын үй сатып алғысы келетін банк клиенттері үшін қолжетімді. Оффлайн режимде кредит алу үшін банк бөлімшесіне бірнеше рет келуге тура келеді. Ал онлайн-ипотекамен қарыз шартына қол қою кезеңінде банкке бар болғаны екі рет келу керек.

Қарызға қашықтан қызмет көрсетуді таңдай отырып, Отбасы банкінiң клиенттері дербес менеджердің сүйемелдеуін, қарыз бойынша алдын ала есеп айырысуды және кредит бойынша мақұлдауды, құжаттар тізбесі туралы ақпаратты алады. Әрі қарай клиент жылжымайтын мүлікті өз бетінше іздеп, бағалайды. Бағалау дайын болған кезде видео-байланыс менеджері кредиттік өтінімді ресімдеуге көмектеседі және клиентке оның статусы туралы хабарлайды. Егер банк оң шешім шығарса, онда оператор сатып алу-сату мәмілесін жасау үшін нотариуста ыңғайлы уақытты брондауға көмектеседі. Бұл ретте клиенттің нақты қатысуы қажет болады.

Осы процестен кейін ғана болашақ қарыз алушы алғаш рет банк бөлімшесіне құқық белгілейтін құжаттарды ұсыну үшін, содан кейін қарыз шарты мен өтеу кестесіне қол қою үшін келеді.

Онлайн-ипотеканың тағы бір артықшылығы – қарыз алушының табысы жеткіліксіз болған жағдайда қосалқы қарыз алушылар, тіпті олар басқа қалада немесе елде болса да, видео-қоңырауға қосыла алады.

Толығырақ ақпаратты мына жерден алуға болады https://hcsbk.kz/onlain-ipoteka