Отбасы банкінің клиенттері жылжымайтын мүлікті онлайн режимде кепілден шығара алады

0
448

Жаңа қызмет кредитті мерзімінен бұрын, толық өтеген клиенттерге қолжетімді.


Отбасы банкінің клиенттері жылжымайтын мүлікті онлайн режимде кепілден шығара алады

Бұдан былай Отбасы банкінің клиенттері кепілдегі жылжымайтын мүлікті пайдалануға салынған шектеуді "Otbasy bank" мобильді қосымшасы арқылы алып тастай алады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Жаңа қызмет кредитті мерзімінен бұрын, толық өтеген клиенттерге қолжетімді.
"Мобильді қосымшаның бөлек терезесінде клиент мекенжайды тіркеу кодын (МТК) көрсетуі керек. Ол egov.kz порталынан алуға болатын жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар туралы анықтамада көрсетілген", - делінген банктің ресми хабарламасында.
Содан кейін клиент мемлекеттік баж салығын төлеуі қажет. Артынша ұялы телефонға SMS хабарлама түрінде жолданатын бір реттік құпиясөз арқылы операцияға қол қойылады. Осыдан кейін жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтарды жою рәсімі аяқталады.
Егер жылжымайтын мүлік құжаттарының түпнұсқасы Отбасы банк бөлімшесінде болса, онда қызметкерлер клиентке қоңырау соғып, кеңсеге шақырып, оған ыңғайлы уақыт белгілейді.
Осыған дейін клиент банк бөлімшесі мен ХҚКО-на бірнеше рет баруы қажет болатын. Сондай-ақ оған 3-тен 6 күнге дейін уақыт жұмсайтын. Ал енді бұл рәсім небәрі 15 минуттың ішінде жасалады.