​Оқушылар адамның бас сүйегін тауып алды

0
1 033

Ойнап жүрген оқушы балалар газ құю бекетінің маңындағы қазылып тасталған жерден адамның бас сүйегін тауып алды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


​Оқушылар адамның бас сүйегін тауып алды

фото: aktobetimes.kz

Ойнап жүрген оқушы балалар газ құю бекетінің маңындағы қазылып тасталған жерден адамның бас сүйегін тауып алды, деп хабарлайды ERNUR.KZ aktobetimes.kz-ке сілтеме жасап.

Ақтөбе қаласының Болашақ шағын ауданындағы Мехколонна көшесінде тұратын балалар жақын маңдағы газ құю бекетінің жанында қазылған жерге барып ойнап жүріп ерекше артефактқа тап болады. Ол – кәдімгі адамның бас сүйегі болып шыққан. Кездейсоқ табылған заттан балалар жағдайды ұғынып, ересектерге айтуға үйлеріне асығады.

Ата-аналар тиісті орындарға хабарлап, болған жағдайды Ақтөбе облыстық ІІД растады.

Жергілікті тұрғындар бұл оқиғаға аса таңғала қоймаған. Себебі, бұрындары осы маңда мола болған көрінеді. Қазір бас сүйек тексеруге жіберілді.