​Қой қырыққан келін елдің пікірін екіге жарды (видео)

0
3 030

ERNUR.KZ. Әлеуметтік желіде қой қырыққан келіннің жылдам іс-әрекеті жазылған бейжазба тарап, оған деген елдің пікірі екіге жарылды.


​Қой қырыққан келін елдің пікірін екіге жарды (видео)

ERNUR.KZ. Әлеуметтік желіде қой қырыққан келіннің жылдам іс-әрекеті жазылған бейжазба тарап, оған деген елдің пікірі екіге жарылды.

Бейнежазба paidaly_surak аккаунтында «Қазақтың келіндерінің қолынан бәрі келеді ғой. Жүн қырқасыз ба әлде ерлердің ісі деп ойлайсыз ба?» деген сауалмен жарияланған.

Бұл сауалға әлеуметтік желі қолданушылардың пікірі екіге жарылып, бірі әйел адамның қой қырыққанын қолдаса, екінші жағы оның еркектің ісі деп оғаш көрген.

«Қолынан келіп тұрса істегенде тұрған ештеңе жоқ. Аллаға шүкір, қойды да қырықтым. Еш жерім кеміп қалған жоқ. Жолдасыма қолдау және көмек көрсеттім деп ойлаймын», «Менің енем қырқады, атам қырықтырып қойып өзі қарап отырады. Мен қырқу білмеймін, күйеуім жолатпайды», «Керемет! Ал маған ұнайды», «Мен бала кезімнен қырыққам, үйде қой көп болатын. Інім бір өзі үлгермейді, екеуміз жабылып бір күнде бітіретінбіз» деп пікір қалдырып, қой қырыққан келіншекті біразы қолдады.

Ал бұған қарсы болып, ерсі көргендер жағы «Еркегі сонда не істейді? Келінді құл көреді-ау», «Ерлердің жұмысы! Қыз – қыздай болмай ма?!», «Еркектің жұмысы. Әйелдің басқа жұмысы, балалары бар», «Әйелдер үшін тым артық нәрсе» десті.

Арасында қой қырқудың бағасын айтып, тіпті, әзілдескенде бар.

Видео әлеуметтік желіден алынды