Өз өмірін қатерге тікті: Қарағандыда полицейлер жас қызды құтқарып қалды (видео)

0
118

Жас қыз 9 қабатты үйдің шатырынан секірмек болған.


Өз өмірін қатерге тікті: Қарағандыда полицейлер жас қызды құтқарып қалды (видео)

ERNUR.KZ. Қарағандыда полицейлер биіктен секіріп кетпек болған қызды құтқарып қалды. Ол отбасындағы жанжал үшін суицид жасамақ болған, деп жазады stan.kz.

8 қарашада 102 пультіне қала тұрғыны хабарласып, жас қыздың 9 қабатты үйдің шатырынан секіргелі жатқанын айтқан. Оқиға орнына бірден полиция экипажы жіберілді.

Полиция мәліметінше, тәртіп сақшылары оқиға орнына жетіп, көпқабатты үйдің шатырына көтерілген. Бұл кезде қыз балконның шетінде отырған екен. Полиция лейтенанты Ерасыл Мұрат уақыт ұту үшін қызбен сөйлесе бастайды. Осы кезде сержант Бекзат Омашев шатырдың шетіне жақын келіп, өз өмірін қатерге тігіп, балконның шетіне секірді. Осылайша, ол жас қызды ұстап қалды.

Осы уақыт бойы көрші үйдің тұрғыны полицейлердің әрекетін видеоға түсіріп тұрған. Артынша Наталья Айнабекова 102 нөміріне хабарласыпты.

«Бастапқыда адреналин алу үшін шатырға шығып алған жүрек жұтқан біреу деп ойладым. Алайда видеодан жақындатып қарағаннан кейін, көпқабаттың үйдің шатырының шетінде жас қыздың жүргенін көрдім. Бірден 102-ге қоңырау шалдым. Мен полицейлерге алғыс білдіремін. Олар адам өмірін құтқарып қалды. Батырлар арамызда өмір сүруде», - дейді Наталья Айнабекова.


Пікір қалдыруыңыз үшін сайтқа кіруіңіз қажет