​Өзбек қыздарын жезөкшелікке мәжбүрлеген астаналық әйел ұсталды

0
2 215

Күніне 17 мың теңге табасыңдар деген шарт қойды.


​Өзбек қыздарын жезөкшелікке мәжбүрлеген астаналық әйел ұсталды

ERNUR.KZ. Астана қаласында эскорт-қызметін ұйымдастырған азаматша тұтқындалды. "Жеңгетай" болған әйел Өзбекстан азаматшаларын жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеген. Бұл жайында Астана қаласының ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасаған NUR.KZ.

Тергеу барысында 40 жастағы азаматшаның сексуалды қызмет көрсету бизнесін ұйымдастырғаны анықталды.

Ол шетелден келген қыздардың төлқұжаттарын тартып алып, оларды мәжбүрлі түрде жезөкше атандырған.

"Біздің төлқұжаттарымызды тартып алды. Ақша бермейтін. Күніне 17 мың теңге табасыңдар деген шарт қойды", - дейді жәбірленуші қыздардың бірі.

Күдіктінің пәтерін тінту кезінде 8 төлқұжат табылды. Олардың барлығы Өзбекстан азаматшаларына тиесілі болып шықты.

Қазіргі таңда жапа шеккен қыздар жекеменшік қорға жеткізіліп, оларға тиісті көмек көрсетілуде.