Өзбек студенттерінің Қазақстаннан кетуіне қатысты білім министрлігі түсініктеме берді

0
799

Шетелдік 37 мыңнан астам студент Қазақстанның жоғары оқу орындарына ауысу мүмкіндігіне ие болған.


Өзбек студенттерінің Қазақстаннан кетуіне қатысты білім министрлігі түсініктеме берді

иллюстрациялық фото: ашықдереккөзден

Қазақстанның білім және ғылым министрлігі елімізде оқитын өзбек студенттерінің жаппай кетуіне қатысты түсініктеме берді. Бұл туралы Білім және ғылым вице-министрі Мирас Дәуленов мәлімдеді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

"Баршаңызға мәлім, соңғы уақытта елімізде жоғары біліп алып жатқан Өзбекстан азаматтарынан өзбекстандық жоғары оқу орындарына ауысу туралы өтініштер түсе бастады. Бұл шешім Өзбекстан елшілігі өкілдерімен кездесу барысында анықталды. Оған Өзбекстанда жоғары білім алу мүмкіндігінің артуы себеп болып отыр", - деп жазды вице министр өзінің Facebook парақшасында.

Министрлік өкілінің айтуынша, өзбекстандық студенттер өзге де шекаралас елдердің оқу орнынан өздерінің отанына ауысып жатыр.

"Қазір әлем бойынша халық жаппай жоғары білім алуға ұмтылады. Одан бөлек, барлық жерде академиялық мобилділік бойынша кедергілер жойылуда. Туындап отырған жағдай - қазақстандық жоғары оқу орындарына кері әсер етпейтін процесс", - деді Дәуленов.

Вице-министр Қазақстанда 2017 жылы студенттерді шетелдік жоғары оқу орындарынан отандық жоғары оқу орындарына ауыстыру кезінде кешенді тест тапсыру талабы алынып тасталғанын айтып өткен. Соның нәтижесінде 37 мыңнан астам студент Қазақстанның жоғары оқу орындарына ауысу мүмкіндігіне ие болыпты.