​Өзбекстан Президентінің Фейсбуктегі парақшасында Қасым-Жомарт Тоқаевтың сапары бейнеленген видео жарияланды

0
1 100

Жексенбі күні Қазақстан Президентінің ұшағы И.Кәрімов атындағы Ташкент халықаралық әуежайына қонды.


​Өзбекстан Президентінің Фейсбуктегі парақшасында Қасым-Жомарт Тоқаевтың сапары бейнеленген видео жарияланды

ERNUR.KZ. Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевтің Фейсбуктегі ресми парақшасында Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ташкентке мемлекеттік сапармен келу сәті таспаланған видео жарияланды, деп жазады ҚазАқпарат.

Өзбекстан Республикасына барады Мемлекет басшысы Ақтаудағы кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығына болды Қазақстан Президенті Мәскеу мемлекеттік университетінің ректорын қабылдады «Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевтің шақыруымен Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 14 сәуірде мемлекеттік сапармен біздің елімізге келді» делінген хабарламада.

Жексенбі күні Қазақстан Президентінің ұшағы И.Кәрімов атындағы Ташкент халықаралық әуежайына қонды.

Сапар барысында екі елдің Президенттері сауда-экономикалық, әлеуметтік-гуманитарлық және көліктік-транзиттік ынтымақтастықтың екіжақты өзара іс-қимылының өзекті мәселелерін, сонымен қатар өңірлік және халықаралық күнтәртіптің басты тақырыптарын жан-жақты талқылады.

Мұнан бөлек, Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шавкат Мирзиёев Өзбекстандағы Қазақстан жылының ресми ашылу салтанатына қатысады.