Өзбекстаннан Алматы мен Нұр-Сұлтанға келетін екі рейс кейінге шегерілді

0
479

Барлық жолаушы мен қызметкер шұғыл эвакуацияланған.


Өзбекстаннан Алматы мен Нұр-Сұлтанға келетін екі рейс кейінге шегерілді

ERNUR.KZ. Ташкент әуежайы терминалының жертөлесіндегі түтінге байланысты Өзбекстаннан Қазақстанға ұшатын рейстер кейінге шегерілді, деп жазады sputnik.kz.

Өзбекстан астанасынан Алматы мен Нұр-Сұлтанға екі рейс кешіктіріліп жатыр.
Оған халықаралық әуе компанияларының ұшып шығу терминалының жертөлесінде шыққан түтін себеп. Барлық жолаушы мен қызметкер шұғыл эвакуацияланған.
Мәскеуге және басқа қалаларға ұшатын рейстер де кейінге шегерілген.
Трансформатор қосалқы стансасында электр желісінің қысқа тұйықталуы болған. Ақауды жою үшін әуежайда уақытша жарық сөндірілген.