Өзбекстаннан Қазақстанға қатынайтын автобустар уақытша тоқтатылды

0
595

Көлік министрлігі жолаушылардың қауіпсіздігі үшін осындай шешім шығарған.


Өзбекстаннан Қазақстанға қатынайтын автобустар уақытша тоқтатылды

ERNUR.KZ. Өзбекстанда халықаралық бағыттар бойынша тұрақты автобус қатынасы уақытша тоқтатылды. Бұл туралы Өзбекстан көлік министрлігі мәлім етті, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Өзбекстан көлік министрлігінің мәліметінше, соңғы күндері Қазақстан мен Ресейде байқалған қатты суықтан жолдарда көктайғақ пайда болған және оның салдарынан жол апаттарының көбею қауіпі күшейген.

«Ауа райының қолайсыздығын ескере отырып, жолаушылар тасымалының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында 13 қаңтардан бастап Өзбекстаннан халықаралық бағыттар бойынша тұрақты автобус қатынасы уақытша тоқтатылды», - делінген ресми хабарламада.