Пан Ги Мун Қасым-Жомарт Тоқаевты құттықтады

0
1 007

БҰҰ бұрынғы бас хатшысы Пан Ги Мун Мемлекет басшысын лауазымды қызметке сайлануымен құттықтады.


Пан Ги Мун Қасым-Жомарт Тоқаевты құттықтады

ERNUR.KZ. ҚР Президенті лауазымына сайлануына байланысты Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына құттықтаулар түсіп жатыр, деп жазады baribar.kz.

Ақорданың баспасөз қызметінің хабарлауынша, БҰҰ бұрынғы бас хатшысы Пан Ги Мун Мемлекет басшысын Президент сайлауындағы жеңісімен құттықтап, жеделхат жолдады.

Пан Ги Мун Қасым-Жомарт Тоқаевтың БҰҰ Женевадағы бөлімшесінің бас директоры қызметін атқарған кездегі жұмыс тәжірибесі мен әртүрлі мүдделі тарапты келісімге келтіру қабілеті Қазақстанды өркендетуге септігін тигізетініне сенім білдірді.

Қазақстан – орнықты дамуы мен инклюзив өсімін айқын көрсетіп келе жатқан мемлекет. Сіздің дипломатияны терең түсінетініңіз еліңіздегі мемлекеттік құрылыс пен әлеуметтік-экономикалық дамуға ықпал етеді деп ойлаймын. Алдағы уақытта әлемнің болашағын жарқын ету мақсатында күш-жігер біріктіріп, ынтымақтастықты жалғастыра бергіміз келеді, – делінген жеделхатта.