Парақорлықты жою мақсатында 1100 мемлекеттік қызмет түрі қысқартылуы мүмкін

0
1 170

Елде қолайлы инвестициялық климат қалыптастыру – Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің алдында тұрған басты тапсырмалардың бірі,-деп хабарлайды 24.KZ.

Осы міндетті орындауда «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы да белсенді түрде атсалысып жатыр. Қос тандемнің бастау алған ІІ республикалық форумында «ғасыр дертін» оқшаулау жолдары қаралды.

Атап айтсақ, лауазымды тұлғалар мен кәсіпкерлер арасындағы парақорлықты жою мақсатында талданған 16 сала бойынша 1100 мемлекеттік қызмет түрін қысқарту туралы ұсынылды. Сонымен қатар оған ілікпейтін мемлекеттік қызмет сапасын арттыру үшін мамандардың жалақысын өсіру жөнінде де ұсыныстар айтылды. «Аталған қадамдар мемлекеттік аппараттың жұмысын оңтайландырып, бизнес өкілдері мен оларды тексеруші органдардың екеуара байланысының алдын алады», – дейді форум қатысушылары.

Тимур Құлыбаев, «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы төралқасының төрағасы:

- Былтырғы форумда 2025 жылға дейін қабылданған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы мемлекет пен қоғамды осы теріс құбылысқа қарсы күресте күш біріктіруге бағыттайды. Жол картасының нәтижесі кәсіпкерлік қызметті реттейді. Бірқатар мемлекеттік қызмет түрлерін қысқарту туралы ұсынысқа кәсіпкерлер тарапынан жиі түсетін шағымдар мен арнайы жүргізілген талдаулар негіз болып тұр.