Парашютпен секіруден оқу-жауынгерлік тапсырманы орындау кезінде сарбаз қаза тапты

0
670

Ол әскер қатарына 2022 жыдың көктемінде Қарағанды қаласынан шақырылған.


Парашютпен секіруден оқу-жауынгерлік тапсырманы орындау кезінде сарбаз қаза тапты

ERNUR.KZ. 18 қаңтар күні Астана қаласының маңайында парашютпен жоспарлы секіру бойынша оқу-жауынгерлік тапсырмаларын орындау барысында мерзімді қызметтегі сарбаз қаза тапты. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігі мәлім етті, деп жазады ҚазАқпарат.

«Ол әскер қатарына 2022 жыдың көктемінде Қарағанды қаласынан шақырылған. Командирлері мен қызметтестері арасында зор беделге ие болған еді. Бауырмашыл, қызметі жағынан үнемі жақсы жағынан көрінетін. Борышын өтеуге келгелі бері әскери істі үйренуге ерекше ынта танытып жүретін. Өз ата-анасының айбынды ұлы, нағыз патриот және қызметтестері арасында үлгілі азамат болатын. Қарулы Күштердің басшылығы мен жеке құрамы сарбаздың отбасы мен жақындарына орны толмас қазасына ортақтасып, қайғыра көңіл айтады. Қорғаныс министрлігінің тарапынан әскери қызметшінің отбасына көмек көрсету бойынша барлық қажетті шаралар қабылданатын болады», - делінген ресми хабарламада.

Ведомстводан мәлім еткендей, оқиғаның себептері мен мән-жайы анықталып жатыр. Тексеріс басталды.