Парламентаризм институтының директоры тағайындалды

0
2 498

Мансұрхан Махамбетов – прокуратура органдарында, оның ішінде өңірлерде жұмыс істеген, тәжірибесі мол кәсіби заңгер.


Парламентаризм институтының директоры тағайындалды

Парламентаризм институтының директоры болып, бұрынғы депутат Мансұрхан Махамбетов тағайындалды, деп хабарлайды ERNUR.KZ Мәжілістің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мансұрхан Махамбетов – прокуратура органдарында, оның ішінде өңірлерде жұмыс істеген, тәжірибесі мол кәсіби заңгер. 1965 жылы туған. Қарағанды мемлекеттік университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірген.

Адамның, азаматтың құқықтары мен бостандықтарының, заңды тұлғалар мен мемлекет мүдделерінің сақталуын қадағалау жөніндегі прокурор, мамандандырылған табиғатты қорғау прокуроры, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы жанындағы Құқық қорғау органдары академиясы басқармасының аға прокуроры қызметтерін атқарған.

Мәжілістің VI шақырылым депутаты кезінде Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі, сондай-ақ, Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің мүшесі болды. Парламентаризм Институты Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тиісті тапсырмасын орындау мақсатында құрылды. Құрылымның қызметі заңнаманың тиімділігін талдауды қамтамасыз ету арқылы Қазақстан Республикасында парламентаризмді дамытуға және оның тиімділігін арттыруға бағытталған.