Парламенттегі "қарт" депутаттардың тізімі белгілі болды

0
5 160

Көш басында 30 жылдай депутат болғандар да бар екен.


Парламенттегі

Фото: ашық дереккөзден

Мәжілісмендер арасында 30 жылдай депутат болғандар бар, деп хабарлайды ERNUR.KZ ақпараттық порталы “Еуразия-1” телеарнасына сілтеме жасап.

Әрине, көш басында 72 жастағы Қуаныш Сұлтанов. Жоғарғы кеңестен бері санағанда 30 жылдай депутат болып келеді.

REGNUM ақпарат агенттігі жариялаған тізімде Қуаныш Сұлтановтан кейін Гүлжан Қарақұсова тұр. 14 жылдан бері депутат, 10 жыл бойы тапжылмастан төменгі палатада отыр.

Былтыр 6-шы шақырылым басталарда әріптестерін журналистерден қорғау үшін «Ребята, кто как содержаться, тот таки работает», деген болатын. Бір сөзбен ерекше темпераментімен танылған тұлға. Әлі де мемлекеттік тілге тіл сындырып келеді.

Мәжілістегі 6-шы шақырылымға сайланған 107 депутаттың 62-сі бұрын-соңды Парламенттің есігінен қарамағандар. Яғни су жаңа. Ал 31 адам 5-ші шақырылымнан қалыпты.

11 депутат 4-ші шақырылымнан келе жатса, 3 халық қалаулысы 3-ші шақырылымнан бері төменгі палатада отыр.