Павлодар - Семей автожолындағы жол апатынан 4 бала зардап шекті

0
369

Жол апаты салдарынан 35 жастағы ер адам және 4 пен 7 жас аралығындағы 4 бала зардап шекті.


Павлодар - Семей автожолындағы жол апатынан 4 бала зардап шекті

ERNUR.KZ. Павлодар-Семей автожолында көлік аударылып, салдарынан 5 адам зардап шекті, деп жазады zakon.kz.

Павлодар - Семей тас жолындағы Жертұмсық және Қаратоғай ауылдарының ортасында жол апаты болды. Жол апаты салдарынан 35 жастағы ер адам және 4 пен 7 жас аралығындағы 4 бала зардап шекті. Облыстық жедел жәрдем станциясының баспасөз қызметінің мәліметінше, қазір жарақат алған балалар ауруханада ем алып жатыр.

"Жол апаты жайлы хабар 17:45-те түсті. Оқиға орнына қызметкерлеріміз 9 минутта жетті. Ер адам ауруханаға жатудан бас тартты. Жарақат алған төрт бала облыстық балалар ауруханасына жеткізілді.Жедел жәрдем станциясы

Апат болған жерде үш жедел жәрдем бригадасы жұмыс істеген.