"Павлодар Аруы - 2021" байқауының иегері анықталды

0
1 164

Бойжеткен Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде "Туризм" мамандығы бойынша оқиды.


ERNUR.KZ. "Павлодар аруы-2021" байқауының жеңімпазы 20 жастағы Айдана Жұмабекова атанды, - деп жазады Tengrinews.kz.

Бойжеткен Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде "Туризм" мамандығы бойынша оқиды.

"Енді менің мақсатым - жоғары оқу орнын қызыл дипломмен бітіру. Ата-анамның үмітін ақтау. Әр адам өз мақсатына жету жолында көп тер төгеді, күш жұмсайды. Мен де өз еңбегім мен күш-жігерімнің арқасында мақсатыма жетемін", - деді Айдана.

Бойжеткен сән апталығына, түрлі фэшн-көрсетілімдерге қатысып, қазақтың ұлттық киімінің дизайнері болуды армандайды. Психологияны ұнатады және бимен айналысады. Сонымен қатар, Айдана үш жылдан бері "Тоғыз-құмалақ" ұлттық ойынына қатысады.

Алғаш рет өңірдегі байқаулар онлайн түрде өтіп жатыр. Жұлдызды қазылар алқасы 10 финалистің сауалнамасын қарап, фотосуреттері мен визиткаларын көріп, ZOOM-конференцияда қыздармен сұхбат өткізді. Алғаш рет көрермендер қазылар алқасының отырысын және қатысушылардың сұхбатын көруге мүмкіндік алды.

Қазылар алқасында актер Тәуекел Мүсілім, әнші Мәдина Сәдуақасова, "Қазақстан Аруы - 2013" иегері, тележүргізуші Айдай Исаева, KFW негізін қалаушы, дизайнер, стилист AlexChzhen бар.

Бұған дейін Әйгерім Сухинова "Атырау Аруы" атанса, "Түркістан Аруы-2021" 18 жастағы Сұлтанбибі Шахапова, ал "Ақтөбе Аруы - 2021" байқауының жеңімпазы Назерке Карманова атанды.