ПАВЛОДАР: екі көлік соқтығысып, ішіндегі адамдардың барлығы қаза тапты

0
786


ПАВЛОДАР: екі көлік соқтығысып, ішіндегі адамдардың барлығы қаза тапты

Сурет: Zakon.kz

ERNUR.KZ. Павлодар облысында Тереңкөл ауылынан 25 шақырым қашықтықта екі көлік соқтығысты. Қос көлікте төрт адам болған. Олардың барлығы қаза тапты.

Облыстық жедел жәрдем станциясының баспасөз қызметінің хабарлауынша, 29 желтоқсанда сағат 17:58-де екі көлік соқтығысқаны туралы хабарлама келіп түсті.

"Оқиға орнына Байқоныс ауылының медициналық бригадасы дабыл белгісінің бірінші санаты бойынша шыққан. Жедел жәрдем оқиға орнына 11 минутта жетті. Жол-көлік апаты салдарынан 35-40 жастағы ер адамдар қайтыс болғаны анықталды", деп жазады Pavlodarnews.kz.