Павлодар маңында анасы мен екі баласы мінген көлік өзенге батып кетті

0
1 972

Адамдар көліктің ішінен өздігінен шыға алмай қалған.


Павлодар маңында анасы мен екі баласы мінген көлік өзенге батып кетті

ERNUR.KZ. Павладарское ауылында анасы мен екі баласы мінген көлік өзенге батып кетті, деп жазады stan.kz.

Қайғылы оқиға Павлодар ауылында болды. Өзенге ағып кеткен көліктен ана мен кәмелетке толмаған екі баланың мәйіті шығарылды.

Павлодар облысы Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, құтқарушылар 25 тамыз күні сағат 22:53-те Ертістен қаза болғандардың денесін шығарды.

"1980 жылы туған әйел мен оның 6 және 9 жастағы екі баласы қаза болды, олар сағат 21:40 шамасында көлікте келе жатып, өзенге ағып кетіп, адамдар көліктің ішінен өздігінен шыға алмай қалған", – деп түсіндірді баспасөз қызметі.

Оқиға орнында бес адам мен екі техника жұмыс істегені хабарланды.