Павлодар мекемелерінің бірінде жанжалдасып қалған полицейлер оқ атқан

0
436

12 қаңтарда Павлодарда Суроганов көшесінің бойындағы мекемеге келушілер арасында жанжал туындап, оның барысында жанжалға қатысушылардың бірі – ҚР ІІМ оқу орталығының қызметкері газ тапаншасын қолданған.


Павлодар мекемелерінің бірінде жанжалдасып қалған полицейлер оқ атқан

ERNUR.KZ. Павлодарда ІІМ қызметкерлері қаладағы мекемелердің біріне келушілермен жанжалдасып қалған, деп жазады ulysmedia.kz.

Полиция мәліметінше, 12 қаңтарда Павлодарда Суроганов көшесінің бойындағы мекемеге келушілер арасында жанжал туындап, оның барысында жанжалға қатысушылардың бірі – ҚР ІІМ оқу орталығының қызметкері газ тапаншасын қолданған.

ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы 3-бөлігі “Бұзақылық” бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Күдікті уақытша ұстай изоляторына қамалды.

“Жанжалға қатысушылардың арасында бала күтіміне байланысты демалыста отырған Екібастұз қаласы ПБ қызметкері де бар”, – делінген ІІМ хабарламасында.