Павлодар облыстық прокуратурасы қоқыстан табылған Елтаңбаға қатысты пікір білдірді

0
1 671

Әлеуметтік желіде ескі үлгідегі сынған қос Елтаңба жатқан видео жарияланды.


Павлодар облыстық прокуратурасы қоқыстан табылған Елтаңбаға қатысты пікір білдірді

ERNUR.KZ. Ақтоғай аудандық прокураторысынан лақтырылған қоқыстың арасынан Елтаңба табылды, деп жазады Pavlodarnews.kz.

Instagram-дағы @vse_obovsem_pvl парақшасында Ақтоғай аудандық прокуратурасынан тасталған қоқыстың арасында ескі үлгідегі сынған қос Елтаңба жатқан видео жарияланды.




- Облыстық прокуратурамен бейнежазбадағы оқиғаға қатысты қызметтік тексеру жүргізілуде. Сондай-ақ тіркелген ақпаратқа қатысты іс бойынша полициямен тексеру шаралары атқарылуда. Істің мән-жайы анықталуда, - деді облыстық прокуратурада.

Еске салайық, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын, Мемлекеттік Елтаңбасын жою оларды қайта қолдану мүмкіндігін болдырмау мақсатында өртеу, балқыту, 2,5 шаршы сантиметрден аспайтын мөлшерде майдалап бөлшектеу, ұсақтау, қалыпсыз массаға немесе ұнтақ күйге айналдыру жолымен жүргізіледі.