​Павлодар облысында 11380 адам қатерлі ісікпен есепте тұр

0
383

Қазақстанда 2019 жылы қатерлі ісіктен 14 406 адам көз жұмған.


​Павлодар облысында 11380 адам қатерлі ісікпен есепте тұр

ERNUR.KZ. Өңірде 11380 адам қатерлі ісікпен есепте тұр, деп жазады pavlodarnews.kz.

Оның 754-іне қауіпті диагноз тұңғыш рет қойылды, - дейді «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Павлодар облысы бойынша филиалының директоры Айдар Ситказинов. - Аймағымызда сүт безінің қатерлі ісігі, өкпе қатерлі ісігі, асқазан және тері қатерлі ісігі көп тіркелген. Қазақстанда тегін медициналық көмек көрсетудің кепілді көлемі аясында профилактикалық скринингтің үш түрін өтуге болады. Әр азамат өздері тіркелген емханаларда скринингтен ақысыз өте алады.

Ресми деректерге сүйенсек, былтыр қатерлі ісіктен 14 406 отандасымыз көз жұмған. Онкологиялық аурулардан болған өлім-жітім көрсеткіші бойынша Шығыс Қазақстан (1757), Қарағанды (1284) облыстары, сондай-ақ, Алматы қаласы (1611) көш бастап тұр. Павлодар өңірінде қатерлі ісіктен 920 адам көз жұмған.

2019 жылы мемлекет профилактикалық мақсаттағы скринингтерге 4,3 млрд теңге бөлінген. Павлодар облысы бойынша бұл сома 218 млн теңгені құрады. Скрининг 40-70 жас аралығындағы әйелдерді маммографиялық тексеруден өткізу, 30-70 жас аралығындағы әйелдерді жатыр мойны қатерлі ісігіне тексеру және 50-70 жас аралығындағы ерлер мен әйелдерді тоқ ішек пен тік ішек обырына тексеру түрлерінен тұрады.

Егер дер кезінде скринингтік зерттеулер жүргізілсе, онкологиялық аурулардың басым бөлігін ерте анықтауға болады, - дейді Айдар Ситказинов. - Обырды дер кезінде анықтау ем-домның нәтижесін арттырып, пациенттердің өмірін ұзартуға, өмір сүру сапасын жақсартуға мүмкіндік береді. Мысалы, сүт безі обырын бастапқы кезеңде анықтаған жағдайда науқастардың 94 пайызын толық емдеп жазуға болады. Ал, емге кететін шығын 200 есеге қысқарар еді.



Айтар жаңалығыңыз, бөлісер оқиғаңыз болса, +77752327733 whatsapp нөміріне жіберіңіз

Пікір қалдыруыңыз үшін сайтқа кіруіңіз қажет