Павлодар облысында екпе алмаған зейнеткерлер зейнетақыдан қағылады - фейк

0
630

Екпе ерікті түрде жүргізіледі.


Павлодар облысында екпе алмаған зейнеткерлер зейнетақыдан қағылады - фейк

ERNUR.KZ. Павлодар облысының зейнеткерлері екпеден бас тартса, зейнетақыдан айырылады. Желіде осындай хабарлама желдей есуде, деп жазады zakon.kz.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасындағылар екпеден бас тартуды зейнетақыдан айырумен байланыстыруға болмайды деп, бұл ақпаратты жоққа шығарды.

Бұл ақпарат шындыққа жанаспайды. Екпе ерікті түрде жүргізіледі, – деп хабарлады облыстық денсаулық сақтау басқармасы.

Басқармадағылар вакцина алуға мәжбүрлеу фактілерімен бетпе-бет келген азаматтарды мына нөмірге хабарласуды сұрайды: +7 705 447 52 52.