Павлодар облысында ішінде жұмысшылар отырған автобус шахта маңындағы шұңқырға құлап кетті

0
667

Шахтадан 33 жұмысшы эвакуацияланды, олардың өмірі мен денсаулығына қауіп жоқ екені айтылады.


Павлодар облысында ішінде жұмысшылар отырған автобус шахта маңындағы шұңқырға құлап кетті

ERNUR.KZ. Павлодар облысындағы Майқайың кеніші маңында құтқарушылар мінген автобус шұңқырға түсіп кетті, деп жазады Stan.kz

Төтенше жағдай Павлодар облысы Баянауыл ауданында "Майкайнзолото" АҚ аумағында болған.

“Оқиға 4 қаңтар күні сағат 01:25 шамасында болған. Алдын ала мәлімет бойынша, шұңқырдың ұзындығы – 150-200 м, ені 500 м, опырылым тереңдігі 150 м”, – делінген ақпаратта.

Апат кезінде автобуста 4 адам болған: "Кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару жұмыстары қызметі" Павлодар филиалының 3 құтқарушысы мен 1 жүргізуші.

Шахтадан 33 жұмысшы эвакуацияланды, олардың өмірі мен денсаулығына қауіп жоқ екені айтылады.

Оқиға орнында Павлодар облысының әкімі Асайн Байханов, төтенше жағдайлар департаментінің басшылығы және жергілікті атқарушы органдар орналасқан жедел штаб құрылды. Психологтар жұмыс істеп жатыр.

Авариялық-құтқару жұмыстарына "Майкайнзолото" АҚ кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің Павлодар филиалының, жергілікті атқарушы органдардың күштері мен құралдары, сондай-ақ ТЖД құтқарушылары жұмылдырылған. Барлығы 44 адам, 13 техника және бір ұшқышсыз ұшу аппараты (дрон) жұмылдырылған.