Павлодар облысында көлік кюветке аударылып, жүргізуші қаза тапты

0
752

Жүргізушінің жылдамдықты асырғаны анықталды.


Павлодар облысында көлік кюветке аударылып, жүргізуші қаза тапты

ERNUR.KZ. Павлодар облысында көлік кюветке аударылып, жүргізуші қайтыс болды, деп жазады Azattyq Ruhy.

27 тамыз күні сағат 17:30-да Павлодар – Қызылорда автожолының 140 шақырымында, Байет ауылынан 2 шақырым жерде, BMW автокөлігінің 40 жастағы жүргізушісі көлікті басқара алмай, металл тиегішке соғылып, кюветке аударылған.

Жүргізуші алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды. Автоматты режимде жұмыс істейтін Қызылорда – Павлодар автожолында орнатылған «Зерек-2» аппараттық-бағдарламалық кешенінің мәліметтеріне сәйкес, бұл көлік құралында жылдамдымдығы – 218 км/сағ. тіркелген.

Сол күні сағат 15:50-де Павлодар қаласында Торайғыров – Ак.Бектұров көшелерінің қиылысында Nissan автокөлігінің жүргізушісі бағдаршамның тыйым салу сигналын елемей, 3 көлікпен - Toyota Estima, Lexus және Hyundai автокөліктерімен соқтығысқан.

Салдарынан Nissan және Toyota Estima көлігінің жүргізушісі, Hyundai көлігінің 46 жастағы жолаушысы да жарақат алып Павлодар қаласындағы ауруханаға жатқызылды.

Тағы бір жол-көлік оқиғасы 26 тамыз күні сағат 21:45-те Павлодар – Қызылорда автожолында болды. 36 жастағы Kio Rio автокөлігінің жүргізушісі көлікті басқара алмай жол шетіне аударылып кеткен. Жол-көлік оқиғасы салдарынан жүргізуші, оның 10 жастағы ұлы, 4 жасар қызы және жарақат алған 37 жастағы жолаушы Екібастұз қаласындағы ауруханаға жатқызылды. Автокөлік айып тұрағына қамалды.