Павлодар облысында медбикеге тіл тигізген тұрғын қамауға алынды

0
371

Сот құқық бұзушылық жасағаны үшін ер адамды кінәлі деп таныды.


Павлодар облысында медбикеге тіл тигізген тұрғын қамауға алынды

ERNUR.KZ. Сотта ер адам өз кінәсін мойындап, жәбірленушіден кешірім сұрады, деп жазады Pavlodarnews.kz.

Бұл туралы Ертіс аудандық полиция бөлімінің бастығы Дәулет Молдабаев мәлім етті.

«34 жастағы ер адам мас күйінде 22 жастағы медбикеге әдепсіз сөздер айтып, тіл тигізген. Медицина қызметкерін қорлай отырып, айналасындағыларға құрметсіздік танытқан», - деді Дәулет Молдабаев.

Тәртіп бұзушыға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік іс қозғалды. Ертіс аудандық соты құқық бұзушылық жасағаны үшін ер адамды кінәлі деп танып, үш тәулікке әкімшілік қамауға алынды.

Сондай-ақ сот Ертіс ауданының тағы бір тұрғынына 5 АЕК айыппұл салды. 44 жастағы ер адам өзінің 58 жастағы жерлесін балағаттаған.

Айта кетерлігі, жыл басынан бері осындай құқық бұзушылық жасағаны үшін 741 құқық бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылған.