Павлодар облысында суға батып кеткен қыздың денесі табылды

0
484

Онымен бірге суға батып кеткен жігіттің денесі әлі де іздестіріліп жатыр.


Павлодар облысында суға батып кеткен қыздың денесі табылды

ERNUR.KZ. Павлодар облысында суға батып кеткен қыздың денесі табылды, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Құтқарушылар Ертіс ауданында суға батып кеткен 19 жасар қыздың денесін тапты.

"Денесі өзеннен 11:16-да шығарылды. Павлодардан бес адам, екі техника және бір жүзу құралы және аудандық төтенше жағдайлар бөлімінен екі адам жұмыс істеді", - деді аудандық бөлім бастығының міндетін атқарушы Азамат Нұрғожин.

Ол 21 жастағы жігітті іздеу жалғасып жатыр деп қосты.

Естеріңізге сала кетейік, 26 маусымда қыз бен жігіт пикник кезінде суға батып кеткен. Олар ата-аналарымен жабдықталмаған жағажайда демалған.