Павлодар облысында түтін исі тұрғындарды алаңдатып отыр

0
1 370

Тұман тәрізді түтін Солтүстік Сібірді де басқан.


Павлодар облысында түтін исі тұрғындарды алаңдатып отыр

ERNUR.KZ. Соңғы екі күн бойы өңірді ыстың иісі бар түтін басты, деп жазады ҚазАқпарат.

Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, қазіргі таңда аймақта техногенді апаттар, қалдықтар мен табиғи өрттер тіркелмеген.

«Ресей БАҚ мәліметтеріне сәйкес, тұман тәрізді түтін Солтүстік Сібірді де басқан. Шығыстан соққан жел түтінді Хакасия Республикасы, Алтай өлкесі, Кемер, Новосібір, Омбы және Томск облыстарына Краснояр өлкесінің Эвенкийск ауданынан таратуда. Ол жақта табиғи өрт тіркелген», - дейді департаментте.

Синоптиктердің болжамынша, желдің бағыты ауысқан жағдайда 2-3 күннің ішінде жағдай тұрақталады.