Павлодар облысында заң бұзған екі әйел елден шығарылды

0
474

Әйелдердің бірі жасырын түрде Ресей азаматтығын алған.


Павлодар облысында заң бұзған екі әйел елден шығарылды

ERNUR.KZ. Павлодар облысы Шарбақты ауданында заң бұзған екі әйел елден шығарылды, деп жазады Pavlodarnews.kz.

Облыстық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, 2020 жылдың қазан айында Шарбақты ауданының тұрғыны Ресей Федерациясының азаматтығын алған және бұл факт туралы құзыретті органдарға ел аумағына кірген кезде белгіленген мерзімде хабарламаған. Ол үшін ҚР ӘҚБтК-нің 496-бабы 2-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

«Материал сотта қаралды. Аудандық соттың қаулысымен азаматша Қазақстан Республикасынан шығарып жіберу түрінде әкімшілік жазаға тартылды», - деп хабарлады аудандық полиция бастығының міндетін атқарушы Арман Мұқанов.

Басқа жағдайда шетелдік азаматша Қазақстан Республикасының халықтың көші-қон саласындағы заңнамасын бұзған. Заңнамада белгіленген мерзім өткеннен кейін он тәуліктен асатын кезең ішінде кетуден жалтарған.

Ол үшін ҚР ӘҚБК 517-бабының 2-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сот шешімі бойынша тәртіп бұзушы елден кетуі керек.

Айта кету керек, Шарбақты ауданының аумағында жыл басынан бері 126 шетелдік азамат уақытша тіркелген. Ресми құжатты қолдан жасау, есірткі қылмысы, Қазақстан Республикасында болу ережелерін және көші-қон заңнамасын бұзу сияқты түрлі құқық бұзушылықтар жасағаны үшін 13 шетелдік қылмыстық және әкімшілік жауапкершілікке тартылды.