Павлодар облысында жоғалып кеткен екі ағайындының біреуі өлі күйінде табылды

0
387

Ер адамдар туралы екі аптадан астам хабар болмаған.


Павлодар облысында жоғалып кеткен екі ағайындының біреуі өлі күйінде табылды

ERNUR.KZ. Бұл туралы @poiskoviki_pvl_vita өзінің Instagram парақшасында жазды, деп жазады pavlodarnews.kz.

"Ағайындылардың бірі табылды.... Марқұмның туыстары мен жақындарының қайғысына ортақтасып, көңіл айтамыз. Ағайындылардың екіншісін іздеу шаралары жалғасуда", - деп хабарлады еріктілер.
Еске сала кетейік, Ақжол ауылындағы «Хакім» ШҚ-ден екі ағайынды жоғалып кеткен. Ер адамдар туралы екі аптадан астам хабар болмаған.