Павлодар облысында жоғалып кеткен екі балықшының денелері табылды

0
475

Еріктілердің айтуынша, 2022 жылғы 14 сәуірде Ақсу қаласының полиция бөлімшесіне ер адамнан оның әріптесі үш күн бойы байланысқа шықпағаны және жұмысқа келмегендігі туралы өтініш түскен.


Павлодар облысында жоғалып кеткен екі балықшының денелері табылды

Бір айдың ішінде екі адам суда ажал құшқан, деп жазады ERNUR.KZ Рavlodarnews.kz.

"Балықшының денесі табылғаны туралы бір сағат бұрын белгілі болды. Сондай-ақ 8 мамырда жоғалған Сағидолла Қиясовты да сүңгуірлер тапқаны туралы хабарлады... Біздің бүкіл командамыздың атынан туған-туыстарына шын жүректен көңіл айтамыз", - деді «Vita» іздеушілер жасағы.

Еріктілердің айтуынша, 2022 жылғы 14 сәуірде Ақсу қаласының полиция бөлімшесіне ер адамнан оның әріптесі үш күн бойы байланысқа шықпағаны және жұмысқа келмегендігі туралы өтініш түскен.


Ер адам өз күшімен әріптесін досымен бірге іздеген, алайда үйінің ауласында автокөлік жоқ екенін көріп, Ертіс өзенінің ағынын - ЕЭК № 1 арнасын тексеруге шешім қабылдаған. Себебі, жоғалған адам балықшы болған.

Ауылға барар жолда жоғалған ер адамның көлігі табылған. Екі ер адам өзенге түсіп, мұз үстінде ақ пластик шелек пен балық аулауға арналған чемоданды тапқан.