Павлодар облысындағы автобус апаты: қаза тапқандардың отбасына көмек көрсетіледі

0
496

Мемлекет тарапынан әлеуметтік төлемдер тағайындалады.


Павлодар облысындағы автобус апаты: қаза тапқандардың отбасына көмек көрсетіледі

ERNUR.KZ. Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов «Майқайың-алтын» АҚ аумағындағы автобус апатынан қаза тапқандар мен жоғалып кеткендердің отбасыларына қандай көмек көрсетілетіні туралы айтты, деп жазады Azattyq Ruhy.

«Қаза тапқан және жоғалған құтқарушылардың отбасыларына «Майқайың-алтын» АҚ және КӘАҚҚ РОШ-нан әрбір отбасына 4,5 млн теңгеден астам мөлшерде материалдық көмек көрсетілетін болады. Мемлекет тарапынан қаза тапқан жандардың отбасыларына асыраушысынан айрылу бойынша әлеуметтік төлемдер тағайындалады. Қаза болған екі құтқарушының отбасыларына қайғырып көңіл айтамын. Марқұмдардың иманы саламат болсын», - деп жазды Асайын БАйханов желідегі парақшасында.

Ол оқиға орнында өзімен бірге ТЖ вице-министрі және басқа да қызметтер барғанын және құтқарушылар жоғары қауіпті режимде жұмыс істеп жатқанын жеткізді.

«Қазаншұңқырда тастар мен топырақ әлі де сырғып жатыр. Іздеу жұмыстарына барлығы 116 адам, 23 техника жұмылдырылды. Бүгін таңғы сағат 06:00-де Астана қаласы ТЖД кинологтар бригадасы келіп, бірден іздестіру жұмыстарына кірісті. Біз іздеу-құтқару жұмыстарын жалғастырамыз», - делінген хабарламада.