Павлодар облысындағы интернатта ақыл-есі кем оқушыларды төбелестіріп қызықтаған

0
532

Монитор арқылы қыздардың жаға жыртысын тамашалап мәз болғандардың арасында мекеме басшысы да бар көрінеді.


Павлодар облысындағы интернатта ақыл-есі кем оқушыларды төбелестіріп қызықтаған

фото кадрдан

Павлодар облысындағы арнайы мектеп-интернатының тәрбиешілері ақыл-есінің кемістігі бар оқушыларды төбелестіріп қойып, қызықтап отыратын болған. Бұл сорақылық ата-ана шағымынан соң әшкереленді, деп хабарлайды ERNUR.KZ КТК арнасына сілтеме жасап.

Бұл мәлімет әлеуметтік желіде тараған. Жергілікті тұрғынның сөзінше, интернат тәрбиешілері тәртіпке бағынбаған оқушыларды ересектеріне ұрғызған. Ол жайында жәбір көрген қыз анасына айтып беріпті.

Ал монитор арқылы қыздардың жаға жыртысын тамашалап мәз болғандардың арасында мекеме басшысы да бар көрінеді. Бірақ білім басқармасы бұл деректі теріске шығарды. Тіпті оқушылардың не үшін қырқысқанын да түсіндіре алмады. Қазір бұл іспен полиция айналысып жатыр.

"Білім басқармасымен қызмет тексерісі жүріп жатыр. Мектеп интернаты мен тәрбиешісі тәртіптік жазаға тартылды. Сонымен қатар аталмыш оқиға бойынша Тереңкөл ауданының полиция бөлімінде бұл жағдай тіркелді", - дейді Павлодар облысы білім басқармасының бас маманы, Жібек Айтмұханбетова.