Павлодарда 4-қабаттан құлап кеткен үш жасар қыз аман қалды

0
546

Дәрігерлердің айтуынша, бала есін біледі, жағдайы орташа, тұрақты.


Павлодарда 4-қабаттан құлап кеткен үш жасар қыз аман қалды

ERNUR.KZ. Павлодарда төртінші қабаттың терезесінен құлап кеткен үш жасар қыз көптеген жарақатпен ауруханаға жеткізілді, деп жазады Sputnik Қазақстан.

Жедел жәрдем сәбиді жақын маңдағы аурухана – Ғ. Сұлтанов атындағы облыстық клиникаға жеткізген. Кейін ол мамандардың сүйемелдеуімен облыстық балалар ауруханасына жатқызылды.
Дәрігерлердің айтуынша, бала есін біледі, жағдайы орташа, тұрақты.