Павлодарда 50 мың дана масканы заңсыз сатпақ болғандардың жолы кесілді

0
600

50 мың Қытайда жасалған медициналық масканы заңсыз сатпақ болған.


Павлодарда 50 мың дана масканы заңсыз сатпақ болғандардың жолы кесілді

ERNUR.KZ. Павлодар облысында медициналық маскаларды заңсыз сатудың жолы кесілді, деп жазады ҚазАқпарат.

Ағымдағы жылдың 23 шілдесінде Павлодар қаласы прокуратурасының үйлестіруімен ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитетінің Павлодар облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті қызметкерлері Павлодар қаласы полиция басқармасымен бірлесіп жедел-іздестіру іс-шаралары барысында заңсыз кәсіпкерлікпен айналысу фактісін анықтады.

Атап айтқанда, жеке тұлғаның тиісті құжаттарсыз (тіркеу куәлігі, Ұлттық сараптама орталығының өнім қауіпсіздігі және сапа сертификаты және т.б.) 50 мың Қытайда жасалған медициналық масканы заңсыз сату фактісінің жолы кесілді.

Тексеріс кезінде анықталғандай, медициналық маскалар өндірушілермен Қазақстан үшін жасалмаған және тиісінше дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды әкелу және әкету ережелерін бұзу жолымен әкелінген.

Аталған факті бойынша материалдар әкімшілік іс қозғалды.