Павлодарда 6 жастағы бала көпқабатты үйдің терезесінен құлап кетті

0
320

​Қайғылы оқиға 21 мамырда болған.


Павлодарда 6 жастағы бала көпқабатты үйдің терезесінен құлап кетті

ERNUR.KZ. Павлодарда 6 жастағы бүлдіршін 8-қабаттың терезесінен құлап метр болды, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы хабарлағандай, қайғылы оқиға 21 мамырда болған.

«Сағат 20.16-да Шөкин көшесіндегі көпқабатты үйлердің бірінен жедел жәрдем қызметіне қоңырау түскен. Жедел жәрдем бригадасы оқиға орнына төрт минутта жетті. Сегізінші қабаттан баланың құлап кеткені анықталды», – делінген басқарма хабарламасында.

Анықталғандай, 2017 жылы туған ұл бала ауыр жарақат алып, оқиға орнында көз жұмған.