Павлодарда «Aga» атты фильм түсірілгелі жатыр

0
197

Фильмге кастингтен өту үшін 2000-нан астам адам келген.


Павлодарда «Aga» атты фильм түсірілгелі жатыр

ERNUR.KZ. Ертіс өңірінде түсірілетін «Aga» фильміне актерларды таңдау үшін бір айдан астам уақыт кеткен, деп жазады pavlodarnews.kz.

Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында «Aga» фильмінің режиссері Фархат Cеркебаев айтты.

- Павлодарда өткен кастингке екі мыңнан астам адам қатысты. Қатысушыларды бір айдан астам уақыт таңдадық. Себебі, кастинг аяқталғаннан кейін үлгермей қалған тағы да үш жүздей адам келді. Мұнда талантты жастар өте көп. Олар біздің фильмде өздерінің бойындағы сол дарынды аша алады. Аймауытов және Чехов атындағы облыстық театрлардың актерлары мен бұрын мүлдем кино алаңында болмағандар бар. Режиссер ретінде басты міндетім - жаңа талантты актерларды ашу. Бұл адамдардың жұлдызы жанады деген ойдамыз. Бәлкім, басқа режиссерлер көріп, шақырып қалуы да мүмкін, - деді Фархат Серкебаев.

Фильм режиссері демеуші болған азаматтар мен жергілікті әкімдікке ризашылығын білдірді.

- Біздің команданың түсірілімге кіріскеніне өте қуаныштымыз. Сонымен қатар, актерлар – Мұрат Бисембин, Азамат Ыбыраев, Азамат Дулатов, оператор-қоюшы Нұрболат Қанашевқа алғыс айтқым келеді. Басынан бастап, осы киноны түсіруге қолдау танытқан директорымыз Мұрат басты рөлді ойнайды және әрі қарай жүзеге асыру жолдары талқыланды. Бұл идея кәсіпкерлердің де көңілдерінен шығып, қаржылай қолдау танытты. Павлодарда үлкен кино жобасы іске қосылады. Біз үшін үлкен тәжірибе болады. Мұнда Алматы және басқа жерде жасай алмайтын дүниелерді іске асыруға болады. Экшн-жобаның тест нұсқасы бар. Түсірілім жүргізілетін жоспар белгілі болды және бекітілді. Ертіс өңірінде Торайғыр, Баянауыл және жағалау сияқты өте әдемі жерлерді көрсеткіміз келеді, - дейді Фархат Серкебаев.

Мұрат Бисембин каскадерлар командасы бір айдан астам дайындық жүргізгеніне тоқталып өтті.

- Біздің команда жауынгерлік сахна қояды. Сондықтан бір айдан астам дайындық жүргіздік. Белгілі каскадер Бауыржан Әбішевтің командасы болады, алайда бүгін белгілі себептермен келе алмады. Ол жергілікті жастармен дайындық жасайды. Өз басым бір ай Алматыда дайындықтан өттім. Бұл жобаның толығымен кәсіби тұрғыдан болғанын қалаймыз, - дейді актер.

Режиссердің айтуынша, фильмді 23 күннің ішінде түсіріп шығу көзделуде. Дегенмен, одан артық немесе кем болуды да мүмкін. Туынды көрермендердің назарына келесі жылы жол тартады деп жоспарланып отыр.


Айтар жаңалығыңыз, бөлісер оқиғаңыз болса, +77752327733 whatsapp нөміріне жіберіңіз

Пікір қалдыруыңыз үшін сайтқа кіруіңіз қажет