Павлодарда айыппұлдан қорыққан қалыңдық өз тойын тастап қашқан (видео)

0
767

Ақ көйлектің етегін көтерген қалыңдық артына қарамастан ізін суытуға тырысқан.


Павлодарда айыппұлдан қорыққан қалыңдық өз тойын тастап қашқан (видео)

ERNUR.KZ. Өткен демалыс күндері Павлодарда облыстық бас санитарлық дәрігер қаулысы талаптарын бұзудың 11 фактісі анықталды, деп жазады zakon.kz.

"6 тамызда сағат 20:00 -де Хайдаров көшесіндегі тойханада мониторингтік топ 30 шақты қонақ қатысқан үйлену тойының үстінен түсті. Тексерушілер келіп қалғанын көріп, жауапкершіліктен және үлкен айыппұлдан қонақтар ғана емес, күйеу бала мен қалыңдық та қорқып, қаша жөнелді. Ақ көйлектің етегін көтерген қалыңдық артына қарамастан ізін суытуға тырысты", деп хабарлайды Павлодар облысы ПД баспасөз қызметі.

Бірақ, полициядағылар атап өткендей, қашу әрекеті сәтсіз аяқталды, барлық тәртіп бұзушылар полиция бөліміне жеткізіліп, әрқайсысының жеке басы анықталды.

"Бұл факт бойынша барлық материалдар жинақталып, ҚР Әкімшілік кодексінің 425-бабына сәйкес, әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін санитарлық -эпидемиологиялық бақылау департаментіне жіберілді. Бұл бапқа сәйкес, үйлену тойының әрбір қатысушысы 30 АЕК көлемінде айыппұл төлеуі тиіс, сонымен қатар мекеме иесіне 230 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады", - дейді Павлодар қалалық ПБ Жергілікті полиция қызметінің бастығы Арман Қаптаев.

2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап еліміздегі бір айлық есептік көрсеткіш көлемі 2917 теңгеге тең.