Павлодарда алты адам дүкеннен гриль тауығын алып, уланып қалған

0
506

Бір дүкеннен зат алған тұрғындар жедел ішек инфекциясына тап болғаны анықталды.


Павлодарда алты адам дүкеннен гриль тауығын алып, уланып қалған

ERNUR.KZ. Павлодарда дүкеннен сатып алынған гриль тауықтары мен салаттан алты адам уланды, деп жазады stan.kz.

Павлодар облысында 2023 жылдың алты айында жедел ішек инфекцияларының 176 жағдайы, сондай-ақ сальмонеллездің 66 жағдайы тіркелген.

Бір дүкеннен зат алған тұрғындар жедел ішек инфекциясына тап болғаны анықталды. Зардап шеккендердің саны – алтау. Олар гриль тауықтары мен картоп, тұздықтарды, салат және торт сатып алғаны белгілі.

Уланғандардың арасында балалар жоқ, тек ересектер. Ешкім ауруханаға түспеді, олар амбулаториялық жағдайда емделген.

"Зерттеулердің нәтижелері нормативтік құжаттама талаптарына сәйкестігін көрсетті. Тексеру кезінде объектіде бірнеше заңбұзушылықтар анықталды. Тауарды таңбалауы сәйкес келмеген, бактерицидтік шам болмаған және сауда жабдығын уақытылы тазаламау және жумау сынды т.б. бірқатар бұзушылықтар байқалды", – деп толықтырды мемлекеттік органда.

Материал сотқа берілді.