Павлодарда белгісіз адам телефон коды арқылы несие алған

0
121

Полиция қызметкерлері азаматтарға сақ болып, жеке шоттарының пин-кодтарын бөтен адамдарға бермеу керек екенін еске салады.


Павлодарда белгісіз адам телефон коды арқылы несие алған

ERNUR.KZ. Павлодар қаласының 46 жастағы тұрғыны белгісіз адам 75 000 теңге көлемінде ақша қаражатын алдау жолымен иемденгені туралы полицияға арызбен жүгінген, деп жазады pavlodarnews.kz.

"Тексеріс барысында қыркүйек айында жәбірленушіге белгісіз ер адам өзін банк қызметкері ретінде таныстырып, қоңырау шалғаны анықталды. Ол әйелге 1 млн теңге көлемінде несие алуға рұқсат берілгендігін хабарлаған. Мұндай хабарды естіген жәбірленуші несие алуға өтінім бермегенін айтқан. Сол кезде қаскүнем несиені алып тастау мақсатында оған телефонға келген 4 таңбалы кодты айтуын сұраған. Жәбірленуші шын мәнінде құпия сөзді ауыстыру коды болып табылатын кодты айтып берген. Нәтижесінде кодты алған алаяқ жеке шотқа оңай қол жеткізіп, ақшалай қаражатты шешіп алған", - дейді департаментте.Полиция қызметкерлері азаматтарға сақ болып, жеке шоттарының пин-кодтарын бөтен адамдарға бермеу керек екенін еске салады.Күмәнді телефон қоңырауы мен тексерілмеген ақпаратқа сенбеген дұрыс. Алаяқтық жасалған жағдайда бұл факті туралы тұрғылықты мекенжай бойынша құқық қорғау органдарына дереу хабарлау қажет.
Пікір қалдыруыңыз үшін сайтқа кіруіңіз қажет