Павлодарда болған концерт кезінде 16 бала жоғалып кетті

0
396

Концертке 40 мыңға жуық адам жиналған.


Павлодарда болған концерт кезінде 16 бала жоғалып кетті

ERNUR.KZ. Павлодардың орталық жағалауында жазғы маусымның ашылуына арналған «Ertis promenade» дәстүрлі іс-шарасы өтті. Оған 40 мыңға жуық адам жиналды, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, концерт кезінде 16 бала жоғалып кеткен.

«Балалардың ата-аналары анықталып, өздеріне табысталды», - деді департаменттің баспасөз қызметінен.

Сонымен қатар түнгі сағат 23:00-ден кейін жағалауда жүргені үшін жасөспірімдердің ата-аналарына 11 әкімшілік хаттама толтырылған.

Концертте отандық эстрада жұлдыздары Ерке Есмахан, Райм, Еркеш Хасен және жергілікті өнер ұжымдары өнер көрсетті.